- Басты
- Жаңалықтар
- Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ақтау гарнизонында болды
Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ақтау гарнизонында болды
Сапар барысында Қорғаныс министрі Әскери-теңіз күштерінің бөлімшесі мен құрылымдық бөлімшелерде болды. Қорғаныс ведомствосының басшысы Әскери-теңіз институтының курсанттарымен және Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілерімен кездесті.
«Қазіргі таңда біз Қарулы Күштерді жетілдіруді жалғастыра береміз. Ол үшін олардың сапа параметрін арттыру үшін күш жұмсау керек. Қорытындысында, 2015 жылы Қазақстан армиясының бет-бейнесі түбегейлі өзгеретін болады. Біз Мемлекет басшысы тапсырған кәсіби армия құру туралы стратегиялық тапсырмаларды жүзеге одан әрі асыра береміз», - деді Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрі жауынгерлік көліктер паркінің жағдайы мен мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың тұрмыс-жағдайы және жағалаудағы қорғаныс бөлімімен танысты. Оған қоса министр «Зенит» зауыты дайындап шығарған «Орал» ракеталық-артиллерялық кемесінің жұмысымен танысты.
Теңіз жаяу әскері оқу-жаттығу алаңында Қорғаныс ведомствосының басшысына өз әскери шеберліктері мен тәжірбиелерін көрсетті.
Ақтауда жыл аяғына дейін екі жатақхана пайдалануға берілсе, алдағы жылдың аяғына дейін 120 пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін тапсыру жоспарланып отыр.
Қорғаныс министрі Ақтау әскери аймағындағы әлеуметтік нысандардың күйін де тамашалады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде