- Басты
- Жаңалықтар
- Парижде Астана күндері өтеді
Парижде Астана күндері өтеді
Елордалық мамандардан құралған делегация жұмыс сапары барысында француз әріптестерінің тәжірибесін зерделейтін болады.
Бүгінде қос мемлекеттің арасында фармацевтика, туризм, ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастық орнатудың жаңа мүмкіндіктері туып отыр. Көптеген француз компаниялары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін дайындау және ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысуда.
«Франция мамандары экологиялық таза көлік, энергия жүйесін ұйымдастыру, құрылыс және қалалық экожүйе салаларында, соның ішінде сумен қамту, қалдықтарды басқару, қоршаған ортаны қалпына келтіру бойынша техникалық шешімдер ұсынуда және көрмеге дайындық жұмыстарына атсалысуда», - деп әкімдіктен хабарлады.
Атап өткендей, осыдан екі жыл бұрын Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған болатын. Содан бері ASTAINABLE сынды жобалар ұсынылып, соның аясында ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Астананы қысқа мерзімді перспективада және 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді дамыту жоспары әзірленуде. Оған Қазақстан мен Франция мамандары тартылған. Биыл елордада тараптар түрлі салалардағы қызметтерді дамытудың проблемалық мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, осы бірегей жоба шеңберінде Париждің «Пале Рояль» алаңында - қазақ этноауылы жобасы ұсынылады. Онда қазақ халқының көшпенді мәдениеті мен тыныс тіршілігі көрініс тапқан. Мұнда кез келген қонақ өткен жүзжылдықтағы көшпенділердің тұрмысымен жақыннан таныса алады.
Естеріңізге сала кетейік, Франция 120 жылдан астам уақыт бұрын халықаралық көрмені екінші болып өткізген. 1928 жылы Парижде көрме қызметін реттеу үшін Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) құрылған. Көрме Франция астанасында бірнеше рет өткізілді. Қала бірегей құрылыс зертханасына айналып, техникалық ой ұшқырлығы мен көлемі жағынан қалыптасқан әлемдік практикадан көп жылға оза ілгерілеген ғимараттар мен құрылыстар салынды. Оған мысал ретінде 300-метрлік Эйфель мұнарасын алуға болады.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун -
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді