• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі халықаралық қатысушыларының алқалы басқосуы өтеді

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі халықаралық қатысушыларының алқалы басқосуы өтеді

15 Қазан, 2014 10:21
22-23 қазан күндері Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын халықаралық қатысушылардың алқалы басқосуы өтпек.Шараға Халықаралық көрмелер бюросының басшылары, ЭКСПО Комиссары секретариатының мамандары, сонымен қатар, әлемнің 70-тен аса мемлекетінің өкілдері қатысады.

Жиын мақсаты – Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне халықаралық қатысушылардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуға шақыру.Халықаралық қатысушылардың алқалы басқосуы 2014 жылдың 11 маусымында Парижде өткен ХКБ Бас Ассамблеясының 155-сессиясында Көрме байрағын қабылдағаннан кейінгі елімізде ұйымдастырылған ең алғашқы ресми шара болып табылады, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

ЭКСПО-2017 көрмесіне әлемнің түрлі мемлекеттерінен келетін қатысушылар алғаш рет жиналмақ. Ұйымдастырушылар ЭКСПО-қалашығының құрылысы мен қазіргі ахуалы, көрменің негізгі тақырыбы, жергілікті және халықаралық дәрежедегі көрменің насихатталуы, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу шарттары сынды жобаның негізгі салалары бойынша таныстырылым жасайды.

Жиынға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Ермегияев, ЭКСПО-2017 Комиссары Жәпіл Жошыбаев және Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысады деп күтілуде.

Барлық жаңалықтар