- Басты
- Жаңалықтар
- Көкшетауда онкологиялық емхана салынады
Көкшетауда онкологиялық емхана салынады
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, медициналық мекеме құрылысы 2015 жылы басталмақ. Емхана тәулігіне 150 адамды қабылдай алады.
Өңір басшысының барған бірінші нысаны облыстық ауруханадағы жүрек орталығы болды. Мұнда ол ангиографиялық кабинет, кардио-реанимациялық және кардио-реабилитациялық бөлімдердің жұмысымен танысты. Бұл орталықта жыл сайын жүрекке 1000-нан астам күрделі ота жасалады. Денсаулық сақтау орындарын аралай жүріп облыс әкімі аурухана науқастарымен әңгімелесіп, дәрігерлермен жүздесті. Кездесуде облыс әкімі дәрігерлердің шетелдерде тағылымдамадан өтудің маңыздылығын айтып, денсаулық сақтау басқармасы басшысына дәрігерлерді шетелдерге тағылымдамаға жіберуге қаржы қарастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, әкім бүгінде күрделі жөндеуді талап ететін бес қабатты ревмотологиялық корпусқа барды. Қазіргі таңда осы мақсатта 270 млн теңгелік жобалау-сметалық құжаттамасы дайын. Жөндеу жұмыстары келер жылы басталмақ.
Хабарламада айтылғандай, өңір басшысы медицина қызметкерлеріне арналған 18 пәтерлі екі үйдің құрылысын да көзбен көрді. Биыл басталған құрылыс жыл соңына дейін бітіп қалуы тиіс. Әкім құрылысты сапалы жүргізіп, дер кезінде тапсыруды қатаң ескертті.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады -
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі -
Қазақстандық жасөспірімдердің жыныстық сауаттылығы қандай -
А.Цой: Мaска режимін сақтaмағандарға айыппұл салынады -
Емхана дәрігерлеріне үстемақы төленеді -
Е.Тоғжанов: Карантин шараларын бұзғандарға айыппұл салынады -
Түркістан облысында тігін фабрикасы салынады -
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Маңғыстау облысында 9500 тұрғын үй салынады -
Шымкентте жылыжай кешені салынады -
Қызылорда облысында 6400 тұрғын үй салынады -
«Нұрлы жер» аясында Қарағанды облысында 5100 тұрғын үй салынады -
Атырау облысында “Нұрлы жол” бойынша 6,5 мың тұрғын үй салынады -
Атырау облысындағы Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдейтін ірі зауыт салынады