- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Ресей Патриархы Кириллді Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне шақырды
Н.Назарбаев Ресей Патриархы Кириллді Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне шақырды
«Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәскеу және күллі Ресей Патриархына Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың амандық пен денсаулықта болуына тілектестігін және шынайы құрметін жеткізді», - деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенат Төрағасы Астана форумын жан-жақты қолдағаны үшін Патриархқа алғыс айтып, Мәскеу және күллі Ресей Патриархының Съезд жұмысына жеке қатысуы және Діни лидерлер кеңесіне енуі діни саммиттің мақсатына жетуге қосқан зор үлесінің жарқын көрінісі болғанын атап өтті. Съезд Хатшылығының Басшысы Мәскеу және күллі Ресей Патриархына Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтан 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін V Съезге жеке шақыруын жеткізді. V Съездің басты тақырыбы «Бейбітшілік пен даму жолында діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің үнқатысуы» деп аталады. «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне Сіздің өзіңіздің қатысуыңыз діндер мен мәдениеттердің үнқатысуын одан әрі дамытуға бағытталған ортақ істі одан әрі ілгерілетуге, жаһандық деңгейдегі өзара түсіністік пен тұрақтылықты дамытуға ықпал ететіні күмәнсіз», - деді Қ.Тоқаев.
Патриарх Кирилл Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша шақырылған форум маңызды және тиімді үнқатысу алаңы болып табылатынын атап өтті. «Бұл форум тек діни қауымдастықтың ғана емес, қазіргі замандағы адамзат өркениетінің жағдайы көтерілетін мәселелер бойынша халықаралық үнқатысуға арналған табысты алаң болып табылатыны даусыз. Біз бұл күш-жігердің бәрін бағалаймыз», - деп атап өтті Патриарх Кирилл.
Сол күні Сенат Төрағасы Қазақстан православ шіркеуінің Ресейдегі өкілдігінде болды, сондай-ақ Ресей СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (университет) 70 жылдығына орай Кремль Сарайында өткен салтанатты жиналысқа қатысты.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар