- Басты
- Жаңалықтар
- Елордалық мейрамхана алғаш рет Мәскеуде өткен орыс асханасы бойынша аспаздық байқауда жеңіске жетті (ФОТО)
Елордалық мейрамхана алғаш рет Мәскеуде өткен орыс асханасы бойынша аспаздық байқауда жеңіске жетті (ФОТО)
Биылғы байқауға 28 мейрамхана қатысып, оның ішінен әділқазы алқасы үздік ондықты таңдап алды және арнайы Мәскеуге шақырды. Олар Ресейдің 8, Қазақстан мен Түркиядан 2 мейрамханасы.
«Байқауға қатысу бойынша шешім күтпеген жағдайда қабылданды. Алайда, мен көп ойланған жоқпын, керісінше жеңіске жетуге асықтым», - деп атап өтті байқаудың басы қасында жүрген Денис Давыдов.
Ал, өз кезегінде мейрамхана директоры атап өткендей, ұжымның ауызбіршілігі, өздеріне деген сенімі мен рухы сайыста жеңіске жетуге септігін тигізді.
«Өз өзіңе сенімді болған жөн. Біз Ресейдің астанасы Мәскеуге орыс асханасының үздік мейрамханасы атағына таласуға бардық. Бізге психологиялық тұрғыда қиын болды, алайда біз өзімізді өзіміз жеңе білдік. Бұған дейін бұл байқауда мейрамханалардың бас аспаздары ғана бақ сынады. Тек осы жылдан бастап бүтін бір ұжымның арасында өткізіле бастады. Іріктеу кезеңінде біз өзіміздің ұжымымызды таныстыратын, ондағы атмосфераны барынша ашық көрсететін бейнеролик түсіруіміз керек болатын. Осы ретте біздің бейнеролигіміз үздік деп танылды», - деп ағынан жарылды мейрамхана директоры Владимир Дизендорф.
Айта кетерлік жайт, әділқазы алқасына 15 сарапшы кірді. Олардың қатарынды А. Филин, Е. Шрамко сынды аспаздық өнердің майын ішкен аспазшылар болды.
Сондай-ақ, кубоктан басқа елордалық құрама Лондонға бару сапарын жеңіп алды. Олар сол елдегі орыс асханасы бар барлық мейрамханаларды тамашалуға мүмкіндік алады.
Индира Қауметова
Суретті түсірген Азамат Әлиев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған