• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда құны 1 923,1 млн теңге болатын 212 нысан жария етілді – Қаржы министрлігі

Қазақстанда құны 1 923,1 млн теңге болатын 212 нысан жария етілді – Қаржы министрлігі

14 Қазан, 2014 17:53
ҚР аумағындағы мүлікті жариялау бойынша жергілікті атқару органдары жанындағы комиссияларға 34 635,5 млн.теңгенің мүлкін жария ету жөнінде 4 047 өтініш келіп түскен, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Олардың ішінде құны 33 312,5 млн. теңге болатын 4 866 нысан жария етілді. Заңдық тұлғаларға қатысу үлесін жария етуге жалпы құны 1 323,0 млн.теңге болатын 16 өтініш түсті. Қазіргі кезде құны 1 923,1 млн.теңге болатын 212 нысан жария етілді.

«21.09.2014-жылға қарағандағы жайғай бойынша, салық органдарына ҚР аумағынан тыс жерлердегі мүлікті жария етуге өтініш түспеген», - делінген хабарламада.

Мүлікті жария етуге берген өтініштер саны бойынша Алматы облысы мен Алматы қаласы (1039 және 1012 тиісінше) алда келеді. Азаматтардың белсенділігі жағынан үшінші орынды Ақтөбе облысы (373 өтініш) иеленуде. Соңғы орында бұрынғысындай, Маңғыстау облысы келеді – акция басталғалы бері мұнда мүлікті жариялауға бар-жоғы 21 өтініш қана түскен.

ҚР Ұлттық банктің 10.10.2014-жылғы есебінің мәліметтеріне қарағанда, екінші деңгейлі банктерде ақшаны жария ету үшін 1 699,3 млн.теңгеге 12 жинақтық есепшот ашылған, оның 372 млн.теңгесі есепшоттан алынып, бюджетке ақшаны жария еткені үшін 37,2 млн.теңге алым төленген.

Барлық жаңалықтар