- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның Бесқарағай ауданы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 100 пайыз маманмен қамтылды
ШҚО-ның Бесқарағай ауданы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 100 пайыз маманмен қамтылды
2014 жылы Бесқарағай ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 30 жас маман келді. Солардың арасында 13-і медицина мамандары, 17-сі оқытушылар. Келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін аудандық бюджеттен 21 млн теңге қарастырылған. Соның ішінде 13 маманға бір жолғы көтерме ақы беру үшін 1,6 млн теңге, тағы 7 маманға үй алу үшін 19,4 млн теңге бюджеттік несие беруге бағытталған, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
«Ауданда маман тапшылығы мүлде жоқ. Биыл білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы барлық бос орындар толтырылды. Жас мамандар үшін барлық жағдай жасалынған: бір жолғы көтерме ақы мен үй алуға несие қарастырылған», - дейді әкім.
Хабарламада айтылғандай, қазіргі таңда ауданда 22 мектеп бар. Олардағы оқушы саны 2915. Ауданның медициналық қызметтерін аудандық орталық аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік акушерлік пен 15 медициналық пункт атқаруда. Ауданда 42 дәрігер мен 121 орта деңгейлі медицина қызметкері бар.
Сонымен қатар, ауданда «Жұмыспен қамту» мемлекеттік бағдарламасы жемісті жүзеге асырылуда. 2014 жылы бағдарламаның 64 қатысушысы 150 млн теңге көлеміндегі қаржыландыруға қол жеткізді. Соның арқасында 106 жаңа жұмыс орны құрылды.
Айта кетейік, Келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін аудандық бюджеттен 21 млн теңге қарастырылған. Соның арқасында 106 жаңа жұмыс орны құрылды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты