- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Опера» гастрольмен Францияға барады
«Астана Опера» гастрольмен Францияға барады
Театр дирекциясы «Опера Бастилия» сахнасында париждік труппадан тәуелсіз шетелдік труппа өнер көрсету мүмкіндігіне тарихта алғаш рет ие болатынын атап өтті. «Әрине, болашақта біріккен қойылымдар мен спектакльдер жүзеге асар, алайда бұл концерт париждік көрермен үшін шыныменен шағын революция болмақшы», - деп толықтырды дирекциядағылар.
«Астана Опера» театрының труппасы 2 қарашада Францияға айқын концерттік бағдарламамен барады. Кештің ажарын театрдың жетекші солисті Жұпар Ғабдуллина, сондай-ақ шақыртылған жұлдыздар – Денис Мацуев, Елдар Әбдіразақов, Фабио Саттори, Алан Бөрібаев, Ержан Күлібаев, Альберто Газале, сонымен қатар «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хоры ашады. Бірінші бөлімге аса көрнекті пианиношы Денис Мацуевтің орындауындағы Оркестрмен фортепианоға арналған №2, до минор, 18 ор. концерті көрік береді. Сондай-ақ, Е. Рахмадиевтің және М. де Фальяның тамаша туындылары орындалады. Дирижерлық тізгінде маэстро Абзал Мұхитдинов.
Екінші бөлімде көрермен Дж. Вердидің «Аттила» операсының концерттік нұсқасын тамашалай алады. Әлемнің үздік бас дауысты әншісі Елдар Әбдіразақов негізгі партияны шырқайды. Одабелланы Жұпар Ғабдуллина орындаса, Форестоның ролін Фабио Саттори сомдайды. Дирижерлық тізгінде – әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаев.
«Астана Опера» театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов «Опера Бастилия» сахнасында өнер көрсету – барлық ұжым үшін үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. «Бізге өзімізді әлемнің ең үздік сахналарының деңгейінде қарастырылатын театр ретінде мәлімдейтін мүмкіндік туып тұр, неге десеңіз, Қазақстанның мәдени ошағының әлеуеті зор: шеберлігі асқан оркестр, ерекше хор, жарқыраған опера солисттері мен балет әртістері бар», - деп атап өтті Төлеген Мұхамеджанов.
-
Stop Musor: «Қазақстан қалаларын қоқыс басып барады» -
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Мұғалімнің жұмысы жыл сайын қиындап барады, жалақының көтерілуі құптарлық іс – сарапшы -
Тоқаев: Қазақстандық делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
Коронавирус жұқтырғандардың саны неліктен өсіп барады -
Театр әр үйде: «Астана Опера» тілдесуге шақырады -
«Астана Операда» Абайдың 175 жылдық мерейтойы атап өтіледі -
«Астана Операда» «Коппелия» күлдіргі балетінің премьерасы өтті -
«Астана Опера» Ресейде «Жібек саты» опера-фарсын ұсынды -
«Астана» халықаралық қаржылық орталығы Алматы облысына инвестиция тартады -
Лондонда «Астана Балет» театрының гастролі аяқталды -
Елбасы «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын ілгерілету үшін нақты тапсырма берді