• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 2014 жылдың 9 айында 5,5 пайызға өсті

Қазақстанда негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 2014 жылдың 9 айында 5,5 пайызға өсті

14 Қазан, 2014 16:39
9 ай ішінде негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 4300 млрд теңгені құрады, ол 2013 жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға жоғары. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Алихан Смайылов 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының әлеуметтік-экономикалық дамуы және елдегі демографиялық жағдай қорытындысына арналған брифингте мәлімдеді.

«Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 9 айдың ішінде 4373,6 млрд теңгені құрады, ол 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айымен салыстырғанда 5,5 пайызға жоғары. Өндірістік өнім көлемі 14044,4 млрд теңгені құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға төмен», - деді ол.

Статистика комитеті төрағасының айтуынша, 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айында қысқамерзімді экономикалық индикатор 102,6 пайызды құрады. Индикатор есебі жеделдікті қамтамасыз ету үшін және базалық салалар бойынша индекс шығаруға негізделген: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда және байланыс, олар ЖІӨ-нің 67-68 пайызын құрап отыр.

Өз кезегінде, 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айында  ауыл шаруашылығының  жалпы өнім  көлемі 1695 млрд теңгені құрады, ол өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,5 пайызға жоғары.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар