- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқының саны 2014 жылы 1,5 пайызға көбейді
Қазақстан халқының саны 2014 жылы 1,5 пайызға көбейді
14 Қазан, 2014 16:34
Қазақстан халқының саны 2014 жылы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға көбейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Алихан Смайылов 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының әлеуметтік-экономикалық дамуы және елдегі демографиялық жағдай қорытындысына арналған брифингте мәлімдеді.
«2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша халық саны 17 330,5 мың адамды құрады, жалпы, халық саны 170 мыңға немесе 1 пайызға өсті. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда халық саны 255 мың адамға көбейіп, 1,5 пайызды құрады», - деді А.Смайылов.
АЖАТ органдары берген қорытындыны реттеу барысында 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында дүниеге 266 мың сәби келген, ол 2013 жылмен салыстырғанда 5,1 мың адамға немесе 2 пайызға жоғары. Туу көрсеткішінің жалпы коэффиценті 1000 адамға 23,13-тен келді.
Өз кезегінде, көз жұмғандар саны 88,6 мың адамды құрады, ол 2013 жылдың осы уақытындағы көрсеткішімен салыстырғанда 4,4 мың адамға немесе 4,7 пайызға төмен. Өлім-жітімнің жалпы саны 1000 адамға 7,72 адамнан келім отыр.
Индира Кауметова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»