• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев пен В.Алекперов «Лукойл» компаниясының Каспий теңізі қайраңындағы жаңа жобаларын талқылады

Н.Назарбаев пен В.Алекперов «Лукойл» компаниясының Каспий теңізі қайраңындағы жаңа жобаларын талқылады

14 Қазан, 2014 14:43
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» ААҚ-ның президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы мұнай-газ саласын дамытуға қатысуы, сондай-ақ түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, «Лукойл» компаниясының Каспий теңізі қайраңында іске асырып жатқан жаңа жобалары туралы әңгіме болды.

 

Барлық жаңалықтар