- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Бишімбаев Мемлекет басшысына тиімсіз шығыстардың азайтылуы туралы есеп берді
Қ.Бишімбаев Мемлекет басшысына тиімсіз шығыстардың азайтылуы туралы есеп берді
Кездесуде Қ.Бишімбаев Мемлекет басшысына «Бәйтерек» холдингінің 2013 жылғы қызметінің нәтижелері, сондай-ақ холдингтің компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар туралы баяндады.
Қазақстан Президенті «Бәйтерек» холдингіне кіретін даму институттары «Самұрық-Қазына» АҚ іске асыратын трансформациялар жөніндегі шараларды назарға алғаны жөн екенін атап өтті.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті қаржыландыруға мемлекет бөлген қаражат экономиканы одан әрі дамытуға оң әсерін тигізу мақсатында тиімді игерілуге тиістігіне тоқталды.
Қ.Бишімбаев «Бәйтерек» холдингі 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын қабылдағанын, оның негізгі бағыттары «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға қатысу, елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қаржыландыру, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту болып саналатынын айтты.
«Бәйтерек» холдингі басқармасының төрағасы даму институттарының инвестициялық және кредиттік қызметінің жандандырылуы, сондай-ақ тиімсіз шығыстардың азайтылуы туралы хабардар етті.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары