Атырау облысында дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған 10 баспана салынды

14 Қазан, 2014 15:43
Махамбет ауданында денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлірен бір бөлмелі 10 үй есігін айқара ашты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Бір үйдің ауданы 80 шаршы метрді  құрайды. Әр үй үш бөлмеден тұрады. Барлық инфрақұрылымдық жүйелер жүргізілген. Ішінде қонақ, ас үй, екі жатын, жуынатын бөлмелері бар», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аудан орталығы Махамбет ауылында «Балапан» бағдарламасы аясында 280 орынға негізделген су жаңа «Алтын-Ай» балабақшасының құрылысы өткен жылы сәуір айында басталып, жоспарланған уақытында пайдалануға беріліп отыр.

Бұл балабақша аудандағы ең үлкен балабақша. Мектепке дейінгі мекемеде 12 топ ашылып, әр топта 2 тәрбиешіден жұмыс жасайды. Сондай-ақ, тағы да қосымша 75 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар