Астанадағы семинарда кедендік басқаруды жетілдіру мәселесі талқыланады

14 Қазан, 2014 15:28
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Азия даму банкінің қолдауымен Дүниежүзілік кеден ұйымымен бірлесе отырып «Кеден тәуекелдерді басқару» тақырыбына халықаралық семинар өткізуде, деп хабарлады кіріс комитеті.

«Дәріскер ретінде Дүниежүзілік кеден ұйымының сарапшылары - Дүниежүзілік кеден ұйымы Сауданы сақтау және оңайлату директораты тәуекелдерді басқару бойынша бағдарлама менеджері Огуз Онал мырза,  және ДКҰ техникалық атташесі  Мустафа Есен мырза шақырылды. Семинар жұмысына ҚР Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті орталық аппаратының және аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары қатысады. Семинарды өткізудің мақсаты тәуекел-менеджментінің жаңа құралдары арқылы халықаралық өткізу пункттерінде жолаушы ағынын кедендік әкімшілендіруді жетілдіру болып табылады», - делінген хабарламада.

 Шекарадағы бақылаушы қызметі, атап айтқанда Қазақстанның кеден органдары: комерциалық алаяқтық, контрафакция, есірткінің заңсыз айналымы,  ақшаны «жылыстату», зияткерлік меншікті ұрлау, мәдени құндылықтарды заңсыз өткізу, қаруды заңсыз әкелу, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды заңсыз өткізу және т.б. қамтитын тәуекелдің ең кең ауқымын басқаруы тиіс.  

«Семинардың шеңберінде  Астана қаласының халықаралық әуежайына бару жоспарлануда, оның қортындысы бойынша әдістемелік материал шығарылатын болады. Кездесуге қатысушылар ДКҰ сарапшыларымен бірге осындай семинарларды өткізу – Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекел-менеджментін жетілдіру жолындағы кезекті қадам екеніне толық сенімді», - делінген хабарламда. 

Барлық жаңалықтар