Елбасы Миланда өтетін «Азия-Еуропа» форумының 10-шы саммитіне қатысады

14 Қазан, 2014 11:31
Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы оқиғалар аңдатпасын жариялады.

«16-17 қазан күндері  Қазақстан Президенті Милан қаласына (Италия Республикасы) сапармен барады деп көзделуде, оның аясында «Азия-Еуропа» форумының 10-шы саммитіне қатысу, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған», - делінген хабарламада.

Басты тақырыбы «Орнықты даму және қауіпсіздікті нығайту жолындағы жауапты серіктестік» деп аталатын форум жұмысына 50-ге жуық елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысады.

Қазақстан Орталық Азиядан осы форумның мүшесі мәртебесіне ие болған бірден-бір ел болып саналады.      

Барлық жаңалықтар