• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Имашев: Құқық үстемдігі – келіспеушіліктерді реттеудің әлемдік маңызды құралы

Б.Имашев: Құқық үстемдігі – келіспеушіліктерді реттеудің әлемдік маңызды құралы

14 Қазан, 2014 11:02
Келіспеушіліктерді реттеудің әлемдік маңызды құралы құқықтың сақталуы, дейді ҚР әділет министрі Берік Имашев «Орталық Азиядағы құқықтық үстемдік бойынша Еуропалық Одақтың бастамасы» атты Орталық Азия мен ЕО елдері әділет министрлерінің Төртінші Конференциясында.

«Бүгінгі таңда келіспеушіліктерді реттеудің әлемдік маңызды құралы құқықтың сақталуы екеніне бәріміздің көзіміз жетті. Осы орайда Еуроодақтың «Орталық Азиядағы құқық үстемдігі» жобасы тұрақты негізде Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдерінде осындай конференция өткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда құқықтың салтанат құрған жерінде әділетсіздіктердің орын алмайтынына біз кезекті рет көз жеткізіп отырмыз», - дейді ҚР әділет министрі.

Оның айтуынша, Астанада бұл конференцияның өткізілуі Қазқастан үшін Еуропалық Одақпен байланысты нығайтуда өте маңызды болып табылады.

«ЕО-ның Орталық Азиядағы құқықтық үстемдікті қамтамасыз ету бастамасының  жобасы 2008 жылдан бастау алған. Сол уақыттан бері Орталық Азия елдерінің құқықтық саясатында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Жоба арқылы конституцияық, қылмыстық және әкімшілік құқық салаларында құқықтық реформа жүргізіліп, сот әлеуетін нығайту, тиімді заңнама мен тәжірибені қамтамасыз ету мәселелері бойынша елдер арасында тәжірибе алмасылып, ынтымақтастық беки түсті. ЕО пен Орталық Азия елдері арасында сауда және экономикалық байланыстың артуы елдердің құқықтық ынтымақтастығының дамуына да әсер етпей қоймайды», - дейді министр.

Айта кету керек, шараның бірінші күнінде қатысушылар 5 тақырыптық сессияны қарастыру мүмкіндігіне ие болды. Сессия аясында төмендегі тақырыптар бойынша мәселелер талқыланып, ұсыныстар тасталды: Орталық Азияда әкімшілік құқықты дамыту арқылы құқықтық үстемдікті орнату, сотқа деген қолжетімділік пен сотқа жөнелтудің баламалы әдістері, Конституция және қылмыстық сот өндірісі аясындағы жеке тұлғаның еркіндігі мен құқығының дамуы, істі сотқа жөнелтудің барынша тиімді жолын қарастыру, соның ішінде медитация, коммерциялық сот өндірісі және құқық үстемдігі дамыуның қажетті шарты ретінде сенімді инвестиция.  

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар