• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның 25 қаласында «Халықтық ІРО» бағдарламасын түсіндіру мақсатында 70 дәріс өткізіледі

Қазақстанның 25 қаласында «Халықтық ІРО» бағдарламасын түсіндіру мақсатында 70 дәріс өткізіледі

14 Қазан, 2014 14:58
13 қазан күні еліміздің барлық өңірінде «Халық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңін іске асыруға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды, деп хабарлады halyk-ipo ресми сайты.

Қор нарығы негіздерін, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алу жолдарын түсіндіруді мақсат тұтқан мұндай дәрістер  25 қалада өткізіледі.Биылдан бастап ІРО бағдарламасына барлық өңір тұрғындарының қатысуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы жылдың 13 қазаны мен 30 қараша аралығында 70 ашық лекция өткізілмек. Одан бөлек ірі ұйым-мекемелерде 400 таныстырылым  жасалады.

Сонымен қатар дәрістер  мен таныстырылымға  келген адамдар эмитент-компания туралы барлық ақпаратпен таныса алады.

Барлық жаңалықтар