- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Орталық Азия мен ЕО елдері әділет министрлерінің 4-ші Конференциясы басталды
Астанада Орталық Азия мен ЕО елдері әділет министрлерінің 4-ші Конференциясы басталды
«Жаһандық жаңа қатерлер туындаған қазіргі таңда әр мемлекеттің құқықтық саясатының ең басты міндеттемесі бір жағынан мемлекеттің құқықтық үстемдік қағидасын қамтамасыз ету болса, екінші жағынан климаттық апаттар, экономикалық дағдарыстар, аштық пен кедейлік, халықаралық лаңкестік секілді жаһандық қатерлерден қоғам мен мемлекетті барынша қорғау болып табылады. Осы тұрғыда қазіргі қолданыстағы заң нормалары замануи қатерлерге тоқтау бола алмай отыр», - дейді ҚР әділет министрі Берік Имашев.
Конференцияға қатысушылар конституциялық құқық, қылмыстық құқық, сот төрелігі саласындағы, сот жүйесінің тәуелсіздігі мен дамуы, сот төрелігіне қол жеткізу бойынша өзекті мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ, Орталық Азияға ЕО-ның Құқық үстемдігі Бастамасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін Еуропалық Одақ пен Орталық Азия мемлекеттері қабылдап жатқан шараларды талқылап, келесі кезеңде Бастаманы одан әрі іске асыру басымдықтары мен іс жүргізудегі шараларды анықтайды.
Айта кетерлігі, Конференцияға Орталық Азия және Еуропалық Одақ елдерінің Әділет министрліктердің өкілдері, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғылыми орталар, үкіметтік емес бірлестіктер және халықаралық сарапшылар қатысуда.
Шараны Италия Республикасы мен ҚР Әділет министрлігі төрағалығымен Франция мен Германия Еуропалық Одағы ұйымдастырып отыр.
Индира Қауметова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері