- Басты
- Жаңалықтар
- Көкшетауда энергия үнемдегіш технологиялар негізінде зауыт салынады
Көкшетауда энергия үнемдегіш технологиялар негізінде зауыт салынады
Хабарламада айтылғандай, «Technological Super Market» кәсіпорны Көкшетауда INFATEC неміс технологиясы бойынша заманауи пенополистерольді плиталар мен клинтерлер өндіретін зауыт салмақ. Фасадты жылу сақтағыш панельдер өндірісі технологиясына көбіктенетін полистирольді EPS-гранулат пайдаланылады. Клинкерлі кірпіш пен плита өндірісіне жергілікті батпақ қолданылмақ.
«Фасадты жылу сақтағыш панельдерден бөлек технология қаптау, сәндеу элементтері, автобөлшектер, құрылыс бөлшектері секілді 70 шақты пенопластикті өнім шығармақ. Жоба құрылыс, химия, мұнай-газ, көлік-тасымал секілді аралас салалардың да дамуына оң әсер етпек. Аталмыш технологиялар қазақстандықтарға үйлерін жылытып қана қоймай, тұтынатын энергия көлемін бірден 40 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Германиядағы іскерлік кездесу барысында біз әріптестерімізбен ынтымақтастық туралы келісім құрдық. Неміс тарабы қазірден инвестиция салып, 24 айдың ішінде кәсіпорынды іске қосуға дайын отыр», - дейді кәсіпорынның бас директоры Фоат Ишмухаметов.
Айта кетерлігі, жобаның іске асырылуы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасына ғана негізделмейді. Сонымен қатар, Қазақстан-Германия арасындағы үкіметаралық шикізаттық, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы ынтымақтастық туралы келісімге де негізделеді. Осылайша «Technological Super Market» ЖШС мен немістің «GETI GmbH German Engineering, Trade & Investments» компаниясы қазақстандық экономиканың нақты секторын жаңғырту мен жергілікті өндірістік өнімнің дамуына айтарлықтай үлес қосуды жоспарлап отыр.
«Жобаның жалпы құны 320 млн долларды құрайды. Жоба бірінші кезеңде 120 тұрақты жұмыс орнын ашып, құрылыс кезінде жалпы саны 300 адамды жұмыспен қамтымақ. Сонымен қатар, болашақ зауыттың аумағында сервистік-технологиялық колледж, маман дайындайтын шеберханалар мен 200 орындық жатақхана салынбақ. Қазіргі таңда зауыт құрылысына жер телімін беру мәселесі қаралып жатыр», - деп хабарлайды әкімдік.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Қазақстанда ғылымның дамуына әсер еткен жаңа технологиялар -
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ -
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
Салық және кедендiк әкiмшiлендiру: Енгізілген цифрлы технологиялар мен заңнаманы жетілдіру шаралары -
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі -
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай