• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Қазақстан мен Словакияның құқықтық саладағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Астанада Қазақстан мен Словакияның құқықтық саладағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

14 Қазан, 2014 09:47
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев пен Словакия Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Моника Янковская екіжақты кездесу барысында құқықтық саладағы ынтымақтастық перспективалар, сондай-ақ екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқыланды.

А.Дауылбаев әріптесін Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау барысы, жаңа қылмыстық заңнаманың концептуалды ережелері, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту саласында қабылданып отырған шаралар туралы хабардар етті, деп хабарлады Бас прокуратура.

Кездесу барысында қылмыспен күрес проблемалары тақырыбы ерекше орын алды. Осыған орай Бас Прокурор бұл салада құзыретті органдар атқарып жатқан қылмысқа төтеп беру жөніндегі жұмыс, таяу және қиыр шетелдің құзыретті органдарымен трансұлттық қылмысқа төтеп берудегі ықпалдастық туралы әңгіме қозғады.

Әңгімелесушілер ынтымақтастық салаларын кеңейту және нығайтуға қызығушылықтарын растады. 

Барлық жаңалықтар