• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Тоқаев пен В.Матвиенко көпжақты тұрпаттағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты

Қ.Тоқаев пен В.Матвиенко көпжақты тұрпаттағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты

14 Қазан, 2014 09:01
Қ.Тоқаев пен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесуі барысында Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығының өзекті мәселелері сөз болды.

«В.Мативенконы Федерация Кеңесінің Төрағасы болып қайта сайлануымен құттықтаған Сенат Төрағасы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының зор әлеуеті бар екенін атап өтті. Палата басшылары  Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы шартты ратификациялау жөнінде екі ел парламентшілерінің сындарлы қадамын атап өтті. Қ.Тоқаев Қазақстан Парламентінің Сенаты 9 қазанда тарихи құжатты ратификациялау туралы заңды қабылдағаны туралы хабардар етті», - деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Жүздесушілер екі ел парламенттерінің жоғарғы палаталары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Одақтастық қатынастарды нығайтуда Сенат пен Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның маңызы зор. Қарашада Санкт-Петербугте Комиссияның алтыншы отырысы өтеді.

Қ.Тоқаев пен В.Матвиенко көпжақты тұрпаттағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты. Сенат Төрағасы биылғы 27-28 қарашада Санкт-Петербургте болатын ТМД ПАА Кеңесінің отырысына қатысуды жоспарлап отырғаны туралы В.Матвиенконы хабардар етті. «Қазақстан Парламенті ТМД Парламентаралық Ассамблеясының қызметіне түгелдей қолдау білдіреді, алдағы уақытта ықпалдастықтың жаңа көрсеткіштеріне табысты түрде қол жеткізу және Достастық аясындағы көкейкесті міндеттерді шешу үшін ТМД-ға мүше мемлекеттер парламенттерімен өзара тығыз іс-қимыл жүргізуге ниетті», - деп атап өтті Қ.Тоқаев. Сенат

В.Матвиенко Қ.Тоқаевты 2015 жылы Мәскеуге ресми сапармен келуге шақырды. Шақыру ризашылықпен қабыл алынды.

Барлық жаңалықтар