- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында екі жыл ішінде 34 аурухана ашылды
Қызылорда облысында екі жыл ішінде 34 аурухана ашылды
13 Қазан, 2014 19:58
Арал маңы өңірінің елді мекендерінде соңғы екі жылда 34 денсаулық сақтау нысаны салынып бітті.
Облыс әкімдігінің ақпаратынша, бұл нысандардың дені – ауылдық емханалар мен дәрігерлік амбулаториялар. Жаңадан ашылған ауруханалардың барлығы заманауи жабдықпен жарақтандырылған, сондай-ақ дәрігерлік амбулаториялардың жанынан күндізгі стационарлар ашылуда.
Қызылорда облысында «Денсаулық сақтау жол картасын» іске асыруға биыл және өткен жылы 2,5 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Карта аясында атқарылған жұмыстың арқасында облыс халқының туберкулезбен ауыру көрсеткіші 14%-ға, ал жүрек-қан тамырлары ауруы 7%-ы азайған.
Қызылорда тұрғындары үшін тағы бір қуанарлық жаңалықтың бірі – облыстық балалар көп салалы ауруханасының құрылысы. Жаңадан бой көтергелі жатқан медициналық мекемеде барлық қызмет түрі көрсетілмек.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі