Ақмола облысында мектеп құрылысына 364 млн-нан астам теңге бөлінді

13 Қазан, 2014 18:21
Ақмола облысының Ерейментау қаласында 200 орындық мектеп салынуда. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттен 364 млн 994 мың теңге бөлінді, деп хабарлады «Ақмола медиа орталығы».

«Бүгінгі таңда мердігерлермен ғимараттың тұтас тастан жасалған іргетасын құю бойынша жұмыстары, бірінші қабат қабырғаларын қалау жұмыстары аяқталды, плиталарды орнату жұмыстары  жалғасуда онымен қоса бірінші қабат терезелері орнатылып жатыр, мектеп айналасында көріктендіру бойынша жұмыстар басталды. Мұның барлығы бекітілген кесте  бойынша жүргізіліп жатыр. Күн сайын құрылыс алаңына кірпіштер мен басқа да құрылыс заттары жеткізілуде. Нысан құрылысының аяқталуы 2014 жылдың желтоқсан айына жоспарланды», - делінген хабарламада.

Ерейментау аудандық мәслихатының депутаты Н.Б.Мандаевпен бұл мәселе жоғары тұрған органдардың алдында бірнеше рет көтерілді. 2013 жылдың соңында жаңа мектеп құрылысын 2014 жылға арналған жоспарланған нысандар құрылысы тізіміне енгізді.

 

Барлық жаңалықтар