- Басты
- Жаңалықтар
- Алматының Олимпиаданы өткізу бойынша өтініші салмақты – ХОК басшысы
Алматының Олимпиаданы өткізу бойынша өтініші салмақты – ХОК басшысы
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы 2011 жылы өткен қысқы Азия ойындарын өткізу тәжірибесі және мұраларын пайдалана алады. Сонымен қатар, шаһар 2017 жылы өтетін Универсиада тәжірибесіне де сүйене алады.
«Алматы өте салмақты өтініш берді. Оның тұжырымдамасы бүгінде жұмыс істеп отырған инфрақұрылымдарды пайдалануға негізделген. Бұл тұжырымдама бірегей және Алматының кандидатурасы салмақты», - деді журналистермен кездесу барысында Томас Бах.
Олимпиада шығындары туралы айтар болсақ, Ванкувердегі және Сочидегі Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті үлкен табысқа кенелді. Оның үстіне Сочиде Олимпиада ойындарына дейін бірде-бір нысан болған жоқ.
«Сочи – бұл ескірген, жазғы демалыс орны және онда бірде бір жарыс өткізетін нысан болмады. Қонақ үй, тіпті теллекоммуникациялық инфрақұрылымы да жоқ еді. Қысқасы бір аймақты толығымен дамыту керек болды. Бұл нақты инвестицияларды қажет етті. Салыстыру үшін Алматыны алайық. Мұнда жағдай мүлдем бөлек, себебі ол заманауи қала. Телекоммуникациялық инфрақұрылымы дамыған, спорт кешендері де жеткілікті. Демек, мұнда салыстырудыңда қажеті жоқ, олар екітүрлі жоба», - деді Томас Бах.
Ол атап өткендей, ХОК Олимпиада ойындарын өткізуге ниетті қалалардың алдында соншалықты қатаң талаптар қоймайды. Сонымен, бүгінде ХОК қатысушылар мен ресми тұлғалар санын шектеу бойынша бағдарламаны жасақтауда.
«2022 жылы өтетін Олимпиада ойындарын өткізетін қаламен келісімге отыру барысында ұйымдастыру комитетінен талап етілетін кез-келген өзгертулер мен шаралар ұйымдастыру комитеті және ХОК-пен келісілген соң енгізілетін болады деп уағдаласатын боламыз. Біз Ойындар ұйымдастырушылар үшін тым үлкен немесе қиын болмауына күш жұмсайтын боламыз», - деп атап өтті Томас Бах.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыға іс сапары аясында ХОК-тің президенті Медеу мұз айдынында, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын аралады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы