- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында кедендік төлем 8 млрд-тан астам теңгені құрады
Қызылорда облысында кедендік төлем 8 млрд-тан астам теңгені құрады
Экспортталған тауарлардың басым үлесін (80 пайызы) мұнай және мұнай газдары құрайды, екінші орында сыртқа жөнелтілетін - табиғи уран концентраты (13 пайыз).
Облыстың сыртқы сауда айналымы 849 млн. 224 мың АҚШ долларына тең, талдау өткен 2013 жылдың 9 айымен салыстырғанда импорттың 43, ал экспорт көлемінің 22 пайызға төмендегенін көрсетеді.
«Жыл басынан бері Консультативтік кеңестің 3 мәжілісі өткізіліп, бірнеше заңнамалық жаңалықтар таныстырылды. Осы жылдың 29 мамырынан бастап Қазақстан Ресеймен және Беларусьпен Евразиялық экономикалық одақ құрып, өзінің дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Бизнес әлемі бәсекелес жағдайға көтеріліп дамыған сайын, бизнеске көрсетілетін қызмет деңгейі де сапалы және халықаралық шарттарға сай болуы тиіс. Өз кеңесінде кеденшілер мемлекеттік қызметтердің стандарттары бойынша кеден органдары көрсететін қызмет түрлерімен, жаңадан қолданысқа енгізіліп жатқан «электронды декларациялау», «темір жол көліктері арқылы тасымалданатын тауар туралы алдын ала ақпараттандыру» сияқты жаңалықтарды тұтынушыларға түсіндірді», - делінген хабарламада.
Кедендік бақылау департаменті жыл басынан бері 15 іс қозғады. Кеден одағының кедендiк шекарасынан тауарларды кеден бақылауынан тыс немесе одан жасырын өткізу фактілері азаймауда (9 іс). Сонымен қатар, кеден бажын және төлемдерiн төлеуден жалтару (2 іс); жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе тауарды өткізуге пайдалану (3 іс) фактілері қылмыстардың негізін құрайды.Сондай-ақ, 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Департамент әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 99 іс қозғап, 3 млн. 093 мың теңге айыппұл салып, 63,2 пайызын өндірді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді