- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Армения көне жәдігерлерді зерттеу саласында ынтымақтастыққа мүдделі (ФОТО)
Қазақстан мен Армения көне жәдігерлерді зерттеу саласында ынтымақтастыққа мүдделі (ФОТО)
«А.Мұхамедиұлы ежелгі қыпшақ-армян қолжазбаларын зерттеу саласында екі ел арасындағы ынтымақтастыққа ерекше қызығушылық танытты. Ол Матенадаранның сирек кітаптар қорында болып, армян графикасымен жазылған қыпшақ тіліндегі қолжазба кітапты көзбен көрді. Қазақ ғалымдарының айтуынша, қыпшақ жазбасының тарихын зерттеу мен оны насихаттауда өте құнды жәдігер болып табылады», - деп хабарлайды ведомство.
Матенадаран көне қолжазбалар институты ежелгі жазуларды зерттеу бойынша әлемдегі теңдессіз ұйым болуымен қатар, әлемдегі ең ірі мәдени көрме орталығы болып табылады.
«Қазақстан ғылыми-зерттеу мекемелер жұмыстарын ұйымдастыра отырып, олардың тарихи-мәдени жәдігерлердің тарихы мен нысанын зерттеумен қатар, көрме ұйымдары қызметін де атқаруына жағдай жасау міндеттемесін алға қойып отыр. Осы орайда бір мезгілде ғылыми, қолданбалы және кітапханалық қызметті қатар атқарып тұрған Матенадаран тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытып отырмыз», - дейді министр.
Көне қолжазбалар институтында делегация институт базасындағы тарихи құжаттарды қалпына келтіру зертханасымен танысты. Тарихи құжаттарды қалпына келтіру зертханасында құжаттарды химиялық заттарды қолданбай-ақ қалпына келтіруге мүмкіндік беретін заманауи инновациялық технологиялар бар. Арменияның Мәдениет министрлігі қолдауымен жұмыс істейтін бұл орталық ТМД елдерінің мәдени ынтымақтастығы Кеңесінің тарихи жазбаларын сақтауда базалық ұйым болып табылады.
Министрліктің хабарлауынша, мәдениет министрі Асмик Погосянмен және Көне қолжазбалар институтының ТМД елдерімен байланыс бойынша кеңесшісі Матенадаран Ара Хзмалянмен кездесу барысында қазақстандық делегация басшысы қыпшақ-армян құжаттарын зерттеу, Месроп Машроц атындағы Матенадаран көне қолжазбалар институты мұрағатына қазақстандық ғалымдардың еркін кіруі, тарихи құжаттарды қазақстандық тарапқа беру мен Қазақстан мен Армения мұрағат қызметіндегі жас ғалымдардың тағылымдамасын ұйымдастыру арқылы елдердің ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы тәжірибе алмасу туралы келісім құрылды.
Айта кету керек, Матенадаран қорында 17 мыңнан астам ежелгі қолжазба мен 100 мыңнан астам көне мұрағат құжаттары бар. Мұражай қорында 2281 ежелгі кітап бар. Олардың басылғанына 1800 жылдай болған. Матенадаран топтамасы Арменияның тарихи және мәдени зерттеуіндегі ғылыми-тарихи негізі болып табылады. Институт музейінде тарихи және көркемдік маңызы теңдессіз жәдігерлер бар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды