• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елорда полицейлері бір аптада жол жүру ережесін бұзудың 5 мыңнан астам дерегін анықтады

Елорда полицейлері бір аптада жол жүру ережесін бұзудың 5 мыңнан астам дерегін анықтады

13 Қазан, 2014 19:21
Өткен аптада қаланың ІІД жол-патруль полициясы қызметкерлері жол жүру ережесін бұзудың 5 мыңнан астам дерегін анықтады, деп хабарлайды қаланың ІІД Әкімшілік полиция басқармасы.

Бір аптада тәртіп сақшылары жылдамдықты шектен асырған 505 адамды ұстаса, 400 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай жүріп полиция қызметкерлерінің назарына іліккен. Сонымен қатар, 156 жүргізуші басып озу ережесін сақтамаған. Тағы 67 көлік иесі жаяу жүргіншіні тәртіп бойынша өткізіп жібермей, апаттық жағдай тудырған. Және де алкогольді ішімдік қолданып көлік жүргізген тағы 67 адам анықталған.

Айта кету керек, жаяу жүргіншінің қауіпсіздігі ережесін бұзу бойынша шамамен 500 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Барлық жаңалықтар