• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысу жағдайын жақсартатын заң жобасын таныстырды

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысу жағдайын жақсартатын заң жобасын таныстырды

13 Қазан, 2014 15:53
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Республикадағы кәсіпкерлік қызмет шарттарын түбегейлі жақсарту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы таныстырылды.

«Енгізілген түзетулер мемлекетпен байланысты барынша қарапайымдылатуға бағытталған. Кедендік процедуралар да барынша қысқартылмақ. Кәсіпорынды тіркеу мерзімі 1 сағатқа дейін азайтылып, 100 теңге көлеміндегі ең төменгі қаулылық капитал туралы талап алынып тасталады. Заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу кезінен бастап жұмысшыны міндетті сақтандыру келісімін құру 10 жұмыс күнінен 30 жұмыс күніне дейін көбейтіледі», - дейді ұлттық экономика вице-министрі Қ.Өскенбаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдармен өзара байланыс кезіндегі азаматтардың негізсіз шығынын алып тастау мақсатында 7 жылға дейінгі пайдалану мерзіміне ие коммерциялық мақсатта пайдаланылмайтын жеке автокөліктің техникалық бақылауы, құжаттың міндетті наториалды расталуы мен көлік құралын пайдалануға сенімхат та алынып тасталады.

Айта кетерлігі, заң жобасы 11 кодекс пен 94 заңға өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді қарастырады. «Оның қабылдануы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуына жол ашып, мемлекет пен бизнес арасында әріптестік байланысты құруға мүмкіндік беріп, кәсіпкерлік қызметтеріне қатысты мемлекеттің «анықтау және жазалау» саясатының «ескерту және адал кәсіпкерліктерді марапаттау» саясатына алмасып, тиімді орта құруына жағдай жасайды», - делінген.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар