- Басты
- Жаңалықтар
- CӨС бойынша жалпы республикалық акцияға Семей қаласының жастары қолдау көрсетті
CӨС бойынша жалпы республикалық акцияға Семей қаласының жастары қолдау көрсетті
Семей медицина университетінің волонтерлары мен денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар жергілікті тұрғындар үшін арнайы концерт ұйымдастырды, сонымен қатар, ойындар мен «дәруменді» жүлделері бар байқаулар өткізілді, халықтың қан қысымы өлшеніп, сала мамандары кеңестерін берді және дұрыс тамақтану туралы парақшалар таратылды, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
«Акция дұрыс тамақтануды насихаттауға және ол туралы ақпарат таратуға бағытталған. Біз халыққа дені сау және жұмысқа қабілетті болуы үшін немен тамақтану керек екенін тағы бір рет еске салғымыз келді», - деп Семей қаласындағы Ұлттық салауатты тамақтану орталығы бөлімінің жетекшісі Айман Керімқұлова ағынан жарылды.
Маман атап өткендей, сарапшылардың бағалауынша денсаулық тек 15% денсаулық сақтау саласына, тағы 15% - тұқым қуалаушылыққа, қалған 70% өмір сүру дағдысы мен тамақтануға байланысты. Сондықтан да ұйымдастырушылар ойындар, викториналар мен таныстырулар арқылы салауатты тамақтанудың маңызы туралы жан-жақты мәлімет беруге тырысты.
Атап өткендей, игі шараға мұрындық болғандар оның қатысушыларының бүгіннен бастап дұрыс тамақтануға көшуін басты мақсат етіп алған.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды