• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жыл сайын машина жасау саласындағы қосалқы бөлшек өндірісінде қазақстандық кәсіпкерлердің саны артуда – Пішембаев

Жыл сайын машина жасау саласындағы қосалқы бөлшек өндірісінде қазақстандық кәсіпкерлердің саны артуда – Пішембаев

13 Қазан, 2014 13:18
Жыл сайын машина жасаудың қосалқы бөлшек шығару саласында қазақстандық кәсіпкерлердің саны артуда, деп хабарлады ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев мәлім етті.

«Ең бастысы 5 жылға толар толмас уақыт ішінде өндірісті отандыққа айналдыруға мүмкіндік бар, автоөндірісте отандық өнім 30 пайызға, темір жол машина жасау локомотвінде 30 пайызға жетті, жыл сайын машина жасау саласының   қосалқы бөлшек өндірісінде  қазақстандық кәсіпкерлердің саны артуда. Келесі бесжылдықта біздің салаға кем дегенде тағы 1 трлн теңге тартып, металлургия шығару саласымен теңесуге мүмкіндік бар», - деді ол.

Айта кетерлігі,  Қазақстандағы қара және түрлі түсті металлургияның  көлемі 2013 жылы 1 трлн 700 млрд теңгені құрады.

«Машина жасау саласы өндірісінің көлемі Елбасы қойған экономикадағы шикізат бағытынан өңдеу өнеркәсібіне өту мақсаты орындалып жатқандығын тәжірибе бойынша көрсетеді», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 9-10 қазан аралығында Астанада II Қазақстанның машина жасаушыларының  форумы өтті. Онда Қазақстан мен шетелдің машина жасау  саласы мамандары бас қосты. Форумның басты тақырыбы ретінде 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру бағдарламасындағы Қазақстанның машина жасау  саласының мәселелері талқыланды. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар