Қазақстанда 4,5 жыл ішінде машина жасау өнімі 3 есеге өсті (Фото)

13 Қазан, 2014 13:11
Қазақстанда 4,5 жыл ішінде машина жасау өнімі 3 есеге өсті, деп хабарлады ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев мәлім етті.

«2010 жылы машина жасау өнімдерінің көлемі 300 млрд теңгені құрады,  4,5 жыл ішінде, 2013 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау өнімінің көлемі 854 млн теңгені құрады, осы жылы біз 1 трлн теңге өсімді күтіп отырмыз. Бұл даму бағыты Елбасының индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асуының айқын көрінісі, жүздеген жұмыс орны ашылып, өнеркәсіптік жаңа салалар пайда болды», - деді М.Пішембаев.

Осыған орай, мәжілісмендер қазақстандық нарыққа   әлемдік автомобиль құрастырушыларының енуі ел экономикасына үлкен әсерт етеді.

Оның айтуынша, Қазақстанда мұнай саласы қарқынды дамуда, тракторлар, комбайндар, ауыл шаруашылығы техникасы, тау-кен машинасы жиналуда.

Естеріңізге сала кетейік, 9-10 қазан аралығында Астанада II Қазақстанның машина жасаушыларының  форумы өтті. Онда Қазақстан мен шетелдің машина жасау  саласы мамандары бас қосты. Форумның басты тақырыбы ретінде 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру бағдарламасындағы Қазақстанның машина жасау  саласының мәселелері талқыланды. 

Индира Қауметова

Суретті түсірген  Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар