• Басты
  • Жаңалықтар
  • Біз сенім бостандығы салтанат құрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз – Мұханбетқалиев

Біз сенім бостандығы салтанат құрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз – Мұханбетқалиев

13 Қазан, 2014 14:33
Мемлекет басшысының қоғамдағы тіл мен діннің маңызы туралы айтқан ұлағатты сөздерінің маңызы зор. Біз сенім бостандығы салтанат құрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Елімізде кез келген азамат кез келген дінді ұстанып, қалаған тілінде сөйлей алады, дейді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің әлеуметтік-саяси дисциплина кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Есбол Мұханбетқалиев Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.

«Біз теңдей мүмкіндіктер қоғамын құрып, этникалық белгілеріне қарап алалауға біржола тыйым салдық. Біздің қоғамда бәрі заң алдында тең. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтқанындай, мұндай мәселелерде асығыстық білдіру, аяқ астынан шешім қабылдаудың қажеттілігі жоқ. Оның ақыры неге апарып соғатынын біз шет елдердің бүгінгі күнгі кейбір жағдайларынан-ақ көріп отырмыз», - дейді оқытушы.

Оның айтуынша, біз қазіргі таңда өзімізге зиянды діни ағымдарды анықтап, олардан барынша сақ болуға тырысуымыз керек. Діннің қасиетті ұғымдары мен қағидаларын қоғамның гүлденуі жолында барынша молынан пайдалануымыз керек. Осылайша ақ пен қараның ара жігін ажырату керек.

«Өзге дінді біліп, оларға құрмет көрсетіп, шын қасиетті құндылықтардың салтанат құруына жұмыс істеп, осылайша қоғамда ұлтаралық және дінаралық татулықты қамтамасыз етуіміз керек. Егер біз елімізді қуатты және дамыған мемлекеттер қатарынан көргіміз келсе, елде бейбітшілік пен тәртіпті орнатуға мән бергеніміз жөн. Осы тұрғыда Елбасы біздің жетілуіміз бен алға ілгерілеуіміздің уақыты келгенін шегелеп айтты. Сонда ғана бізді өзге мәдениеттер мен халықтар құрметтейтін болады», - дейді.

Барлық жаңалықтар