- Басты
- Жаңалықтар
- Сәрінжіпов Қазақстандағы оқулықпен қамту шараларының кемшіліктерін түсіндірді
Сәрінжіпов Қазақстандағы оқулықпен қамту шараларының кемшіліктерін түсіндірді
«Басты мәселе оқулықты жоспарлау мен дер кезінде сатып алу. Жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың оқулықпен қамтамасыз етуге жеткілікті деңгейде қаржы бөлінбегені байқалып жатады. Жалпы, елдегі қажеттіліктің қанағаттандырылмау көлемі 3,6% деңгейінде. Оған себеп жоспарлау жүйесінің олқылығы. Сонымен қатар, сатып алу келісімінің құрылуы да өз деңгейінде орындалмайды», - дейді А.Сәрінжіпов.
Министрдің айтқан тағы бір кемшілігі алдағы жылдағы оқушы санын есептеу тетіктеріне байланысты. Мектептер тапсырыс бергенде келер жылғы оқушылар санының артуына көңіл аудармайды. «Оқулық санын жоспарлау кезінде оқушылар санының артатыны есепке алынбайды», - дейді ол.
«Баспадан шыққан кітаптың мектепке дер кезінде жеткізілмеуі де шәкірттердің дер кезінде оқулыққа қол жеткізе алмауына себеп болып отыр. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сай, оқулықтарды тиісті жерге жеткізу қызметін тұтыну байқау процедурасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Орта есеппен алғанда байқау жарияланғаннан бастап кітапты алғанға дейін 50 күндей уақыт өтеді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін көктем кезінен бастап кітапқа тапсырыс бере бастау керек», - дейді ол.
Сонымен қатар, оқулықты коммерциялық делдал жүйесінің дамымағаны байқалады. «Қазіргі таңда көптеген елдерде оқулықтарды жеткізу мерзімі мен сапасын арттыру үшін оқулық өндірісі мен тасымал процестерін бөліп тастаған», - дейді А.Сәрінжіпов.
Камила Амирова
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек