- Басты
- Жаңалықтар
- Білім және ғылым министрлігі оқулықпен қамтамасыз ету бойынша «қатаң тәртіп» орнатуға мүдделі
Білім және ғылым министрлігі оқулықпен қамтамасыз ету бойынша «қатаң тәртіп» орнатуға мүдделі
«Білім беру ұйымдарын министрлік тарапынан оқулықпен қамтамасыз ету үрдісін біріздендіру мақсатында оқулық және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етудің барлық процедураларына «қатаң тәртіп» орнатуды ұсынамыз. Комиссия жыл соңына дейін аталмыш тізімді бекіту керек», - дейді А.Сәрінжіпов.
Биыл, министрдің айтуынша, комиссия қарашада іске кірісуі керек. Сонымен қатар, қаңтарға дейін мектептер келесі оқу жылына қажетті оқулықтар туралы мәліметтерді өткізуі керек. «Осы тұрғыда формулада аудандық және қалалық демографиялық көрсеткіштер де ескерілуі керек. Жоспардағы оқушы саны мен оқушылардың қазіргі саны туралы кеңінен ақпарат берілуі керек», - дейді министр.
Сонымен қатар, ведомство пайдаланылған оқулықты өткізудің мерзімі мен оны пайдалануға дейінгі және пайдаланғаннан кейінгі жағдайы туралы тәртіп белгілеудің процесін қалыптастыруға мүдделі.
«Осы орайда ҚР БҒМ 10 қаңтарға дейін ұсынылатын оқулықтар мен оқыту әдістемелік кешендердің тізімін бекітеді. Ал 1 ақпанға дейін білім беру басқармалары баспалармен келісім құрып, наурыздың басында мектептерге оқулық жеткізудің байқаулық рәсімі басталады. Сәуірде заңнамаға сай, мемлекеттік сатып алу мен жеткізу рәсімі аяқталуы тиіс. Мамырда оқулықтар әкелініп, тамызда оқулық мектепте жатуы керек», - деді бас ұстаз.
Сәрінжіповтың айтуынша, осы кезеңдердің әрқайсысында бақылау жүйесі жолға қойылады. Білім және ғылым вице-министрлігінің жанынан тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады.
Камила Амирова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау