• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бахрейнде өтетін іскер әйелдер форумына Астананың 10 кәсіпкер әйелі қатысады

Бахрейнде өтетін іскер әйелдер форумына Астананың 10 кәсіпкер әйелі қатысады

13 Қазан, 2014 10:37
Астананың кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 10 іскер әйел 2014 жылдың 15-16 қазан аралығында Манамада (Бахрейн) өтетін «Серіктестік және ашықтық көпірлері» екінші іскер әйелдер форумына қатысатын болды.

«Форум Бахрейн ханшайымы Сабика бин Ибрахим Аль Халифаның,  Бахрейн патшасының бірінші жұбайының, Әйелдер ісі бойынша жоғарғы кеңес төрағасының, Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесінің және Бахрейннің сауда-өндіріс палатасының қамқорлығымен өтеді», - деп хабарлады ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Ауқымды шараға Бахрейннің 300-ден астам кәсіпкер әйелі, араб елдері мен өзге мемлекеттерден келген кәсіпкерлер  қатысады.

Қатысушылар іскер әйелдердің алдыңда тұрған экономикалық проблемаларды жан-жақты талқылайтын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум іскер әйелдердің экономикалық біліктілігін арттыруға және олардың арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Барлық жаңалықтар