• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК кеңесі дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдердің ортақ нарығын құру туралы келісімді мақұлдады

ЕЭК кеңесі дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдердің ортақ нарығын құру туралы келісімді мақұлдады

13 Қазан, 2014 10:21
ЕЭК кеңесі Минскіде 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ аясында дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдерді қолданудағы бірыңғай ереже мен қағидаларды орнататын халықаралық келісімді мақұлдады.

Осылайша дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдердің  ортақ нарығын құру міндеттемесі жүзеге асырылуда. Ол ЕАЭО туралы келісімге сай 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет ете бастайды, - деп хабарлайды ЕЭК ресми сайты.

Хабарламада айтылғандай, Еуразиялық экономикалық одақ аясында құрылып жатқан дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы олардың қауіпсіздігі мен сапасын көтеріп, әлемдік нарыққа жол аша отырып Одаққа мүше мемлекеттердің аумағында өндірілетін фармацевтикалық өндіріс пен медициналық бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мен дамытуға оңтайлы орта қалыптастырады.

Дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдерді  қолдану саласындағы халықаралық келісімді іске асыру аясында ЕЭК 2015 жылы ең үздік халықаралық тәжірибе мен нормалар негізінде «екінші» деңгейлі 40 шақты құжатты қабылдайды.

Барлық жаңалықтар