- Басты
- Жаңалықтар
- ХОК басшысы Томас Бах Алматыдағы бірқатар спорт нысанын аралады
ХОК басшысы Томас Бах Алматыдағы бірқатар спорт нысанын аралады
Сонымен қатар, кездесу барысында әкім Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың спортты дамыту мен Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастыруға көңіл бөліп жатқанын айтты.
«Алматыда 1077 спорт нысанынан тұратын ең дамыған спорттық инфрақұрылым қалыптасқан. Соның ішінде 14-і заманауи халықаралық талаптарға толық жауап береді. 2017 жылғы Дүниежүзілік студенттер ойынына қарай қосымша тағы да екі мұз айдыны мен 5000 орындық көпфункциялы атлеттік ауыл салынады», - деді әкім.
Кездесу барысында шаһардың халықаралық деңгейдегі көптеген спорттық шараларды ұйымдастыруға атсалысып келе жатқаны айтылды. Олардың арасында Бокстан әлем чемпионаты, Самбодан әлем кубогінің кезеңі, Дзю-додан әлем кубогінің ақтық сыны, Шаңғымен трамплиннен секіруден әлем кубогының кезеңдері, су полосы бойынша әлем кубогі, футзалдан әлемнің супер кубогі, сонымен қатар «Алматы туры» халықаралық веложарысы.
Алматыда жақын арада бірнеше спорттық маусым өткізу жоспарланып отыр. Қала Ауыр атлетикадан әлем чемпионатын өткізуге дайындалуда. Сонымен қатар, Студенттер арасындағы конькимен жүгіруден әлем чемпионаты, Спидвейден әлем чемпионаты, Дзю-додан әлем чемпионаты, Ат спортынан әлем кубогы және Тау шаңғысы спорты бойынша халықаралық турнир мен өзге де байрақты бәсекелер бар.
А.Есімовтың айтуынша, Алматыда спортпен қатар туризм саласы да қарқынды дамуда. Соңғы 1,5 жылда шетелден келетін туристер саны 550 мың адамға артты. Алматы қаласы бойынша туристік салада көрсетілген қызмет көрсеткіші 2013 жылы 121 млрд теңгеден асты. Қала басшысының айтуынша, туристік саланың дамуы мен жоғарыда аталғандай спорттық шаралардың өткізілуі қала үшін өзара тығыз байланысты.
Сонымен қатар, әкім мен ХОК президенті Медеу мұз айдынын тамашалап, Халықаралық «Сұңқар» шаңғы трамплині кешені мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында болды.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Олимпиададағы қазақ спорты: кеше және бүгін -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді