• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбеде салалық бастамаларды қолдау мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңес өтеді

Ақтөбеде салалық бастамаларды қолдау мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңес өтеді

12 Қазан, 2014 14:33
2014 жылдың 15 қазанында Ақтөбе қаласында салалық бастамаларды қолдау мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңес өтеді. Шараны инвестициялар мен даму министрлігі және «Индустрияны дамытудың қазақстандық институты» АҚ ұйымдастырып отыр.

Семинар жұмысына министрлік өкілдері, даму институттары, жергілікті атқарушы органдар, өндірістік кәсіпорындар, ҰКП, АЭА, ӘКК өкілдері қатысады.

Семинардың басты тақырыбы индустрияландырудың екінші бес жылдығы аясында салалық бастамаларды қолдау, сондай-ақ, аймақтық салаларды дамыту мен методологиялық әдістерді құруға арналады.

Сондай-ақ, өңірлік кластерлерді байқаудан өткізу, 2015-2019 жылдарға арналған үдемелі-индустриялды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақтарға қолдау көрсетуді тереңдету мәселелері қаралды.

Жалпы, семинардың қорытындысы бойынша, өңірлік кластерлерді дамыту бойынша ұсыныстар мен пікірлер таңдалатын болады. 

Барлық жаңалықтар