Қызылордада инновациялық гранттарды беру бойынша семинар өтеді

12 Қазан, 2014 11:32
Қызылордада инвестициялар және даму министрлігі мен «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ , «Оңтүстік Қазақстан облысының өңірлік технопаркі» ЖШС қолдауымен инновациялық гранттар беру бойынша семинар ұйымдастыру жоспарлануда.

Семинар индустриялды-инновациялық субъектілер үшін мемлекеттік қолдау ретінде инновациялық гранттарды беруді түсіндіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Семинар аясында 9 инновациялық гранттың берілуі шешіледі, олар индустриялды-инновациялық субъектілерге қайтарымсыз түрде өздерінің индустриялды-инновациялық жобаларын жүзеге асыру мақсатында ұсынылады. 

Барлық жаңалықтар