Жарқайың ауданында жыл басынан бері 4422,7 млн теңгенің өнімі өндірілді

12 Қазан, 2014 10:33
Жарқайың ауданындағы жалпы ауыл шаруашылығының өнім өндірісі 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында 4422,7 млн теңгені құрады, оның ішінде: мал шаруашылығы - 1372,0 млн теңге, өсімдік шаруашылығы -3050,7 млн теңге. Өнімнің физикалық көлемі – 205,7 пайыз, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».

Ауданның агроөндірістік кешенінің құрамына 46 ауыл шаруашылық кәсіпорны мен 402 шаруа қожалығы кіреді.

Жарқайың ауданының негізгі саласы егін шаруашылығы.Ол көп жағдайда ауданның экономикалық жағдайын анықтайды. «Парк комбайндарының жүз пайыздық дайындығы, жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, астық жинаушыларға жақсы жағдай жасау жарқайыңдықтарды Ақмола облысы бойынша астық жинаудың үздіктері ретінде танытты», - делінген хабарламада.

Ауданда  астық 540032 га алаңда жиналды, немесе 100 пайыз тазаланды. Өнімділік 11 ц/га. Сондай-ақ, аталмыш аймақ бидай алаңдарынан 20 центнер шығарған бірегей аудан. Жарқайың ауданының астығы 600 040 тонна.

Бидайдан бөлек, 10163 га немесе 100 пайыз майлы дақылдар жиналды. Картоп пен көкөніс 195 және 132 алаңдарда жиналып,100 пайызды құрады. 50,9 мың гектар жер қайта өңделді. 52,9 мың тонна 1,2 сорттағы  асыл тұқымды дақыл егілді, ол 2015 жылы орылады. Сондай-ақ, жылдық және жарты жылдық астықтың жоспары орындалды. 

Барлық жаңалықтар