• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ТДЖҰА» АҚ жекешелендірудің екінші толқыны аясында бәсекелестік ортаға 10 активін тапсырады

«ТДЖҰА» АҚ жекешелендірудің екінші толқыны аясында бәсекелестік ортаға 10 активін тапсырады

12 Қазан, 2014 10:02
Жекешелендірудің екінші толқыны аясында «ТДЖҰА» АҚ бәсекелестік ортаға 10 активін тапсырады, деп хабарлады агенттік.

"Жешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы қаулысына сәйкес, «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ жанындағы 6 технологиялық парк пен 4 құрастыру бюросы бәсекелестік ортаға берілуі ұсынылып, олармен үлестес болып табылатын ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер мен өзге де заңды тұлғалардың үлескер, тәуелді ұйымдары тізіміне енгізілді.

Осындай тәртіппен бәсекелестік ортаға келесі нысандарды беру жоспарланған: «Бәйтерек» Басқару холдингі» АҚ, оның құрамында «ТДЖҰА»  АҚ үлес компаниялары: «Технопарк Сары-Арка» ЖШС, «Технопарк «Алгоритм» ЖШС, «К.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі»,»Шығыс Қазақстандық Алтай өңірлік паркі», «Оңтүстік Қазақстан облысының өңірлік технопаркі» ЖШС, «Астана қаласы өңірлік технапаркі», «Транспорттық машина жасау құрастыру бюросы» ЖШС, «Тау-кен өнеркәсібінің қондырғысы» ЖШС, «Ауыл шаруашылық машина жасау құрастыру бюросы» ЖШС.

Бәссауданы өткізудің алдын ала болжамды уақыты 2015 жылдың наурыз айы.

Бәсекелестік ортаға «ҰТДА» АҚ қатысу үлесі бар «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-мен үлестес ұйымдарды беру жоспарлануда.

Ұйымдардың бекітілген капиталда қатысу үлесін іске асыру Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікке ие серіктестіктер туралы» заң мен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-мен үлестес заңды тұлғалар капиталдарындағы үлеске қатысу тізімінің типтік ережесі және бәсекелестік ортаға «ҰТДА» АҚ-на берілетін заңды тұлғалар капиталындағы қатысу үлесін беру ережесінің талаптарын орындай отырып «Ақпараттық-тіркеу» АҚ тарапынан анықталған тәртіпке сай www.gosreestr.kz веб-порталында жүзеге асырылатын болады.

Барлық жаңалықтар