• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Мәдениет және ақпарат министрі мен Жапонияның төтенше елшісі кездесті

Астанада Мәдениет және ақпарат министрі мен Жапонияның төтенше елшісі кездесті

19 Қыркүйек, 2013 18:41
Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М. Құл-Мұхаммед Жапонияның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Г-н Юдзо Харадамен кездесті. Елшінің Қазақстандағы дипломаттық миссиясының аяқталуы жақын, деп Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында М. Құл-Мұхаммед ақпарат және мәдениет саласы бойынша екіжақтың ынтымақтастық қарым-қатынасы қарқынды дамығандығын атап өтті.Г-н Харада М. Құл-Мұхаммедке белсенді ынтымақтастық танытқаны үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде М. Құл-Мұхаммед  Г-н Хараданың  болашақ қызметіне сәттілік тіледі.

 

Барлық жаңалықтар