• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатор мемлекеттік-конфессиялық қатынастар туралы Заң жобасын Бакуде таныстырды

Сенатор мемлекеттік-конфессиялық қатынастар туралы Заң жобасын Бакуде таныстырды

11 Қазан, 2014 15:04
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Жабал Ерғалиев ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Мәдениет, ақпарат, туризм және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясының Бакуде өткен отырысына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Күн тәртібі аясында Ж.Ерғалиев діни ұйымдардың қызмет аясын, жеке және заңды тұлғалардың діни саладағы іс-қимылын реттеу, мемлекеттің діни ұйымдармен өзара қатынастарын үйлестіру, барлық тараптардың құқықтық жауаптылығын белгілеу қажеттігіне орай «Ар-ождан, діни сенім бостандығы және діни ұйымдар (бірлестіктер) туралы» үлгі заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Заң жобасында мемлекеттің құқықтық қатынастарына, діни бірлестіктер мен білім беру жүйесіне, миссионерлік және қайырымдылық іс-қимылдарға ерекше назар аударылды, діни ұйымдар мүлкіне, діни әдебиеттерді әкелуге, басуға және таратуға қатысты мәселелер реттелді.

«Бұл үлгі заңды қабылдаудың құқықтық тұрғыда оң әсері болады. Заң жобасы әр мемлекетке мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы заңнаманы жетілдіруге кешенді түрде қадам басуға мүмкіндік береді» - деп атап өтті Сенат депутаты.

Барлық жаңалықтар