- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: ЕАЭО-ны 2015 жылдың 1 қаңтарында іске қосу жұмыстары белгіленген тәртіпте жүзеге асуда
Н.Назарбаев: ЕАЭО-ны 2015 жылдың 1 қаңтарында іске қосу жұмыстары белгіленген тәртіпте жүзеге асуда
Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартты ратификациялау жөніндегі заң жобаларын елдердің бәрі Парламенттеріне бір мезгілде енгізгенін атап өтті.
«Одақты 2015 жылы 1 қаңтарда іске қосу жұмыстары белгіленген тәртіпте жүзеге асуда. Қазақстан Шартты ратификациялау үдерісін аяқтады. Сонымен қатар, экономикалық одақ органдарының қызметін қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде», - деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев отырыстың негізгі тармақтарының бірі Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Арменияның қосылуы туралы Шартқа қол қою болып отырғанын айтты.
«Барлық құқықтық және экономикалық, соның ішінде Арменияның Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасында болуына қатысты мәселелер қысқа мерзімде келісілді. Бұл айтулы оқиға. Өйткені, Еуразиялық экономикалық одақ алғаш рет кеңейіп отыр. Мен Арменияның одаққа қосылуы туралы Шартқа қол қою үшін ешқандай кедергі жоқ деп есептеймін», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті күн тәртібіндегі маңызы одан кем емес тағы бір тармақ Қырғызстанның бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуы жөніндегі мәселе екеніне де тоқталды.
«Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы жөніндегі "Жол картасы» жоспарлы түрде орындалуда. Бүгін біздің бекітуіміз үшін Қырғызстанның БЭК-ке қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары ұсынылды. Құжат сарапшылық деңгейде жақсы пысықталған, осы бір күрделі үдерістің барлық мәселелерін қамтыған. Жол картасын жүзеге асырудың қатаң регламенттелген мерзімдері сақталады деп үміттенемін. Біз өз тарапымыздан Қырғызстанға қажетті әдістемелік және техникалық көмек көрсететін боламыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия Департаментінің кадрлық қамтылу мәселелеріне де тоқталып, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Комиссия қызметкерлерінің үлесін арттыру жөніндегі ұсынысын айтты.
Қазақстан Президенті Кеңестің келесі отырысы желтоқсан айында Мәскеуде өтетінін айтты.
«Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартты ратификациялаудың барлық рәсімдері алдағы отырыста аяқталады және біз 2015 жылғы 1 қаңтардан жұмыстың жаңа форматын іске қосуға дайын екенімізді жариялаймыз деп ойлаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Отырыс барысында Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Арменияның қосылуы туралы Шартқа қол қою рәсімі болып өтті.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы