Минск қаласында ЕурАзЭҚ қызметін тоқтату туралы Шешімге қол қойылды

11 Қазан, 2014 10:01
Минск қаласында өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты ЕурАзЭҚ қызметін тоқтату туралы Шешімге қол қойылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Өз сөзінде Қазақстан Президенті ЕурАзЭҚ аясындағы 151 келісімнің 87-сі сақталатындығын айтты.Мемлекет басшысы сондай-ақ бүгінгі таңда тек үш ел – Қазақстан, Ресей және Беларусь Кеден одағы мен БЭК-ке мүше болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ-ты қаржыландыруға байланысты қиындықтарды да еске салды, өйткені кейінгі жылдары елдердің бәрі бірдей міндеттемелерін орындап отырған жоқ, тек Қазақстан мен Ресей ғана жарнаны толық төлеп келеді.

Осыған және басқа да бірқатар жайттарға байланысты Қазақстан Президенті де өзге елдердің басшылары секілді ЕурАзЭҚ-тың жұмысын тоқтату жөнінде пікір білдірді.

Барлық жаңалықтар