- Басты
- Жаңалықтар
- Біздің көпқырлы ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелерін шешудегі ТМД-ның рөлін арттырған жөн – Н.Назарбаев
Біздің көпқырлы ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелерін шешудегі ТМД-ның рөлін арттырған жөн – Н.Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларының кездесуі жемісті болғанын, оның қорытындысы бойынша маңызды құжаттарға қол қойылғанын атап өтті.
«Олар Достастық аясындағы ынтымақтастықтың әрі қарай дамыту үшін жақсы негіз қалайды. Қазақстан 2015 жылы ТМД-ның барлық жарғылық органдарында төрағалық ету міндетін қабылдай отырып, Кеңестің келесі отырысына дайындалатын болады. Біз оны Астанада өткізуге келістік. Қазақстан ТМД-ны бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдерді біріктіретін бірегей саяси алаң ретінде қарастырады. Осы секілді басқа ұйым біздің өңірде жоқ. Бұл – туындаған мәселелерді шешу, пікірталастар өткізу және пікір алмасу үшін жақсы алаң. Біз де төрағалық кезінде Достастықтың әлеуетін аша түсуге ұмтылатын боламыз», - деді Қазақстан Президенті,
Мемлекет басшысы біздің еліміз жұмысты сабақтастық қағидаты негізінде құруға ниетті екенін атап айтты.
«Ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылды біртіндеп ұлғайтқан жөн. Бұл қауіпсіздікке де, экономикаға да, гуманитарлық салаға да қатысты. Достастықтағы сенім мен өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі бастамаларды жүзеге асыруға атсалысатын боламыз. Біздің көпқырлы ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелерін шешудегі ТМД-ның рөлін арттырған жөн. Өз төрағалығымыздағы маңыздың міндеттің бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын лайықты деңгейде бірлесіп мерекелеу және ардагерлерге құрмет көрсету деп санаймыз. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай бүгін қабылданған Үндеуді біз толық қолдаймыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті жалпы алғанда барлық мемлекет басшылары отырыстың қорытындысына қанағаттанушылық білдіргеніне назар аударды және қабылданған шешімдер мен қол қойылған құжаттар елдердің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлес қосатынын атап өтті.
Айта кетейік, ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы барысында мемлекетаралық ынтымақтастықты түрлі салаларда дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды:
- Мемлекет басшыларының – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушылардың Достастыққа қатысушы мемлекеттердің халықтары мен әлем жұртшылығына кеңес халқының 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына орай Үндеуі;
- «Достастықтың мәдени астаналары» Мемлекетаралық бағдарламасын 2015 жылы Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасында жүзеге асыру және сәйкесінше Воронеж бен Куляб қалаларын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 2015 жылғы мәдени астаналары ретінде жариялау туралы шешім;
- 2016 жылды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Білім жылы деп жариялау туралы шешім;
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің заңсыз көші-қонға қарсы тұру жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы туралы;
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адам саудасына қарсы тұру жөніндегі ынтымақтастығының тұжырымдамасы туралы.
-
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Қазақстан архивтеріндегі өзекті мәселелер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер