- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев ТМД достастығын дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды
Н.Назарбаев ТМД достастығын дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды
Отырысқа Президенттер: Қазақстаннан – Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжаннан – И.Әлиев, Армениядан – С.Саргсян, Қырғызстаннан –А.Атамбаев, Молдовадан – Н.Тимофти, Ресейден – В.Путин, Тәжікстаннан – Э.Рахмон, Түрікменстаннан – Г.Бердымұхамедов, Өзбекстаннан – И.Каримов, сондай-ақ Украинаның Беларусь Республикасындағы Елшісі М.Ежель қатысты.
Отырыс барысында Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылына байланысты негізгі жайттар талқыланды. Сондай-ақ өзара мүдделілік танытатын өзекті мәселелер мен ынтымақтастықты көпжақты форматта дамыту бағыттары жөнінде пікір алмасылды.
Қазақстан Президенті ТМД 2016 жылы 25 жылдығын атап өтетіндігіне тоқталып, бұдан әрі қарайғы қызметінің бағыттары анықталатын Достастықты дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу мәселесін талқылауды ұсынды.
Мемлекет басшысы ТМД-ға төрағалық 2015 жылы Қазақстанға өтетінін, біздің еліміз белгіленген жоспарларды сабақтастық негізде жүзеге асыратынын айтты.
«Біз сауда-экономикалық қатынастарды, еркін сауда аймағын дамыту жұмыстарын жалғастырамыз. Біздің төрағалық көлік-транзит саласындағы, агроөнеркәсіп кешені мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріндегі, сондай-ақ гуманитарлық ынтымақтастықтағы өзара іс-қимылдарды одан әрі нығайту жұмыстарын қамтитын болады», - деді Қазақстан Президенті.
Беларусь Президенті А.Лукашенко отырыста қабылдау жоспарланған шешімдер елдердің арасындағы байланыстарды нақты кеңейтуге және тереңдетуге септігін тигізетініне қабылдаушы тараптың басшысы ретінде сенім білдірді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр