- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада әлемдік бренд автокөліктерінің халықаралық көрмесі басталды (ФОТО)
Астанада әлемдік бренд автокөліктерінің халықаралық көрмесі басталды (ФОТО)
AIAS-2014 көрмесіндегі 10 000 шаршы метр көрме алаңында MITSUBISHI, RENAULT, JEEP, Volkswagen, Maserati, SsangYong, Peugeot,IVECO, Hyundai, Lada, SKODA, KIA, CHEVROLET және өзге де автокөлік брендтері әлемдік және отандық автомобиль құрастыру саласының жетістіктерін көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар, онда авто аксессуарлар, қосалқы бөлшектер, автохимия мен автокосметика, тюнинг, авто электроникасы, автонесиелендіру мен автосақтандыру қызметтерін таныстырды.
«Astana International Auto Salon - 2014» көрмесінің басты мақсаты Еуразия өңірі орталығында автомобиль құрастыру саласының жаңалықтары мен мүмкіндіктерін, қуаты мен жетістіктерін таныстыра отырып әлем автоконцерндеріне арналған ерекше платформа ұсыну, сонымен қатар қазақстандық нарықтың маңызды стратегиялық мәселелерін шешу мен әлеуетті әріптестер арасында халықаралық бизнес-диалог құратын қолайлы жағдай қалыптастыру», - деді ҚР инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау көрмені аша отырып.
Айта кету керек, көрме бағдарламасы қатысушы компаниялар мен ұйымдастырушылардың тұсаукесер рәсімдері, акциялар, байқаулар мен шоулар, лотореяларға толы болды.
Өздеріңізге де белгілі, бүгінде Қазақстан отандық автопарктің жаңаруына әбден мұқтаж. Аталмыш қажеттіліктің негізі де жоқ емес. Бірінші кезекте ел жолдарындағы азаматтардың қауіпсіздігіне байланысты күрделі жағдай болса, екіншіден, өңірдегі экологиялық жағдай да алаңдатпай қоймайды.
Көрме биыл ҚР Инвестиция және даму министрлігі, Астана әкімдігі мен Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығының ресми қолдауымен өткізіліп отыр.
Автомобиль көлігінің халықаралық көрмесі көптеген келушілерді күтіп отыр. Солардың ішінде шетелдік миссия дипломаттары, ҚР мемлекеттік орган өкілдері, ұлттық компаниялар мен отандық және шетелдік компаниялар өкілдері, осы сала мамандары мен елорда тұрғындары және қонақтары келеді деп күтілуде. Көрме 10-12 қазан аралығында 3 күн бойы өткізіледі деп күтілуде.
Индира Қауметова
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді