Алматылықтар Өскеменге екі метрлік апорт алмасының мүсінін сыйлады

10 Қазан, 2014 19:21
Оңтүстік елорданың өкілдері Алматы күндері аясында Өскеменге екі метерлік апорт алмасының мүсінін сыйлады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық агенттігі.

Алматы делегациясына Өскеменде өз туған қалаларының құрметіне арналып ұйымдастырылған дала мерекесі тосын сый болды.

«Елбасының тапсырмасы бойынша біз өңіраралық ынтымақтастықты дамытуымыз қажет. Бүгінгі кездесу – аталмыш ынтымақтастықтың жақсы мысалы. Мұндай мерекелік шаралар елдің бірлігі мен ынтымақтастығын көрсетеді», - деді қала әкімі Ахметжан Есімов.

Салтанатты шара облыс орталығының оқушылары ұйымдастырған әсерлі флеш-мобпен ашылды, қаланың өнер ұжымдарының қатысуымен өткен концерттік бағдарлама кешті жалғастыра түсті, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Оңтүстік астана қонақтарына байқаулар, спорттық шаралар, сондай-ақ, халықтық қолөнер дәстүрін жалғастырушылардың туындысы қойылған көрмелер ұсынылды.

Дала мерекесінің  шарықтау шегі Алматы делегациясы облыстық орталыққа қала күндерін өткізгені үшін құрмет белгісі ретінде екі метрлік «апорт» алмасының мүсінін сыйлады.Айта кетерлігі, мүсіннің салмағы 4 тоннаға тең.

 ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев атап өткендей, Алматының атынан беріліп тұрған мүсін бірінші сыйлық емес. Екі күн ішінде біраз іс тындырылды. Алматылық мамандар білім беру, медицина саласында өз тәжірибелерімен бөлісті. Оңтүстік астана дәрігерлері 200 медициналық кеңес өткізіп, 3 күрделі ота жасап үлгерді. Барлық облыс атынан алматылықтарға алғыс білдіремін», - деді аймақ басшысы. 

Барлық жаңалықтар